• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Дональд Трамп: АҚШ тек екі жынысты мойындайды

Дональд Трамп: АҚШ тек екі жынысты мойындайды
Фото: depositphotos.com

Капитолий ғимаратында ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік деңгейде елде тек екі жынысты - ерлер мен әйелдерді танитын саясатты бекітетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап АҚШ үкіметінің ресми саясаты тек екі жынысты - ерлер мен әйелдерді тану болады", - деді Трамп.

Саясаткердің айтуынша, бұл өзгерістер осы аптада күшіне енеді.

Еске салайық, бүгін 20 қаңтарда АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ресми ұлықтау рәсімі өтіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget