Дональд Трамп The New York Times-ты сотқа берді

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times-ты сотқа берді. Ақ үй басшысы ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірді деген себеппен 15 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол басылымды 2024 жылғы сайлау кезінде өзіне қарсы теріс ақпарат таратты деп айыптап отыр. Бұл - Трамптың газетке қарсы екінші талабы. Бұған дейінгі алғашқы өтініш көлемінің тым ауқымды әрі рәсімдік талаптарға сай болмауына байланысты қабылданбаған еді. New York Times айыптауларды негізсіз деп есептеп, бұл әрекетті баспасөз еркіндігіне қысым деп атады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз