Дональд Трамп 100 миллион доллардың жоғалғанын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп өрттен зардап шеккендерге арналған 100 миллион доллардың жоғалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде бөлінген 100 миллион доллар жоғалып кетті. Жағдай дұрыс басқарылғанда, мұндай жағдай мүлде болмас еді", – деп жазды Трамп.

Ол Калифорниядағы дала өртінен зардап шеккендерге көмектесу үшін құрылған FireAid бастамасын "толық апат" және "демократтар ойлап тапқан алаяқтық схема" деп атады.

Еске салайық, биыл шілдеде Калифорнияда алапат өрт шыққан болатын. Өрт бірнеше тәулік бойы сөндірілмей, кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін FireAid қоры құрылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!