"Көзің әдемі" хит әнінің орындаушысы әнші Еркеш Хасен табысы, отбасы туралы айтып Massaget.kz тілшісіннің қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Әнші шақыртулар мен тойларды тоқтата тұрғанын жаңа альбом дайындап, гастрольге дайындалып жүргенін жеткізді.
Альбом мен гастрольға дайындалып жүрміз
"Жазып қойған әніміздің қайырмасын арнайы тиктокқа саламыз. Бірақ арнайы тиктокқа деп ән жазып шығармаймыз. Немесе ән шықпай тұрып тиктокқа салып көріп егер халық арасына өтпей қалса салмай қою деген жоқ. Кейде басқа әндерді салмаймыз. Шығармашылықты жолға қойдық, қазір альбом дайындап жатырмыз. Альбом жарыққа шыққаннан кейін облыстарды аралап, концерт бермекшіміз. Жеке ән кешім міндетті түрде жанды дауыста өтеді. Менің командамда жалпы құрам 8 адам жұмыс істейді. Барлығымыз қазір осы альбоммен, гострольге дайындалып жатыр. Табыс көзі платформадан да кештерден де келеді. Енді анда-санда тойға да шығамын. Бірақ мені жиі тойға шақырады деп айта алмаймын. Себебі менде тойдың әндері жоқ ары кетсе екі жастың вальсіне шақырады. Тойдағы гонарарымды нақты айтпай-ақ қояйын, бірақ 1000 доллардан жоғары. Қазір тойды ығыстырып қойып, тек шығармашылықпен айналысып жүрмін",-дейді ол.
Райдер қою үшін өнерпаз соған сай болуы керек
"Мен әлі оған лайықты жұмыс жасамадым. Мен егер өзіммен бірге артымда тұратын бишілерді, жеке бэнд алып барып сол жерде 30-40 минут халықты жарып кететін болсам, дастарханда адамдар тамақ тұрғанын ұмытып кететін болса, онда райдер қоямын. Егер мен жеке қара басым барып, бір көмекшіммен 4-5 ән айтып кететін болсам онда райдер қою дұрыс емес", - дейді әнші.
Қазақстанда райдерге лайықты тек 91 тобы
"Ешкім ренжімесін бұл шындық. Қазақстанда райдерге лайықты ол 91 тобы. Мен өз көзіммен көрдім, 91 тобы өзінің бет әрлеушілерімен, бишілерімен барады. Өздері де билейді, жанды дауыста ән айтады. Олар концертке халықты да жинай алады. Сол үшін олар райдер деген ұғымға сай. Ал бірақ өзге әншілердің бір шоу көрсеткенін көрген жоқпын", - дейді өнер иесі.
© әлеуметтік желі
Әйелім домбырашы, бірақ мэйкаппен айналысады
"Қысқаша ғана айтып өтейін. Ол жайлы негізі көп ақпараттар тарата бермеймін. Павлодар облысының тумасы, Баянауылдың қызы. Астанада жұмыс жасады сол жерде таныстық. Астанада отбасын құрдық. Өнер адамы дегенде мамандығы домбырашы, бірақ қазір визажист, мэйкаппен айналысады. Ол сұхбат беруді, танымал болуды қатты ұнатпайды. Емін-еркін жүруіме кедергі келтіреді дейді. Қазір баламен үйде бірақ айналысатын шаруасы өз басынан асып жатыр. Қызыма Торғын есімін әкем қойды. Ол атасының қызы. Менің туысқандарымның ешқайсысы танымал болуға мұқтаж емес. Сондықтан бір үйден бір өнер адамы жетеді", - дейді әнші Еркеш Хасен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!