- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Домбыраның үні америкалық...
Домбыраның үні америкалық шенеунікті тамсандырды
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанада жүргені белгілі. Ол елімізге сапары барысында ұлтымыздың қоңыр домбырасының үнін естіп, тамсанған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ-тық мәртебелі мейман елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің табалдырығын аттаған.
"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәдениет, өнер және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғырту саласында дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетінде болды. Мемлекеттік хатшыны университет ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына ықылас танытып, тығыз жұмыс кестесінде уақыт тауып, университетті аралағаны үшін алғысын білдірді. Мемлекеттік хатшыға қазақ халқының мәдениетінде маңызды рөл атқаратын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы айтып, олардың дыбысталуының ерекшеліктерін көрсетті", - деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.
Елшілік мәліметінше, бұл өнер ошағына сапар ерекше, себебі Энтони Блинкен музыканы өте жақсы көреді және өзі де гитарада ойнайды.
"Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы Spotify-да ABlinken аккаунтын жүргізеді, онда ол өзінің сүйікті музыкасымен, соның ішінде әлем бойынша саяхаттау кезінде естіген әндерімен бөліседі", - деп түсіндірді елшілік өкілдері.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина