- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Домбыраны арнайы пән...
"Домбыраны арнайы пән ретінде енгізу керек" - депутат Жұлдыз Сүлейменова
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Massaget.TV YouTube арнасына берген сұхбатында мектептегі арнайы пәндер туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат балаларға арнайы жасына сай пәндер оқытылуы керек екенін айтты.
"Біріншіден, мектепте білім алатын балаларымыздың ментальды, психологиялық, эмоциональды денсаулығына көңіл бөлуіміз қажет. Ал көп пәндерді арнайы мектеп бағдарламасына қосқанды құптамаймын. Себебі апталық арнайы жүктеме бар. Біз мұғалімдердің жүктемесін 16 сағат деп бекітіп қойдық. Кейбір мектептерде бұл нормадан артық болып жатады. Негізі арнайы пәндерді қосу емес жалпы белгіленген пәндердің ішінде нақты баланың жас аралығына байланысты тақырыпты енгізу арқылы түсіндіру. Пәнаралық байланыс арқылы балаға сабақты тереңнен түсіндіру қажет", - дейді Мәжіліс депутаты Сүлейменова.
Сондай-ақ, депутат арнайы пән ретінде мектеп бағдарламасына домбыра пәнін енгізуді қолдайтынын жеткізді.
"Біз пәндерді бір-бірімен сабақтастыра өткізуді қолдауымыз қажет. Биология мен химияны деген секілді. Мектептерде арнайы сынып сағаты болады сол кезде осы бір арнайы пәндерді оқыту керек. Егер жеке дара пәндерді енгізу керек болса, мен домбыра пәнін арнайы пән ретінде енгізуді қолдаймын. Оның ішінде бізде ән-күй сабағы, қазіргі стандартта 10-шы сыныпқа дейін "өнер" сабағы бар. Арнайы осы сабақтарды біріктіре отырып, домбыра компонеттерін қосу керек. Өнер, ән сабақтарында домбыраны міндетті қарастыру керек деген пікірдемін", - дейді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін AMANAT фракциясының депутаты Жұлдыз Сүлейменова әйелдерді ұрып-соғатындарға жазаны күшейтуді ұсынды. Ол қандай жаза? Сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы