Домбыра күнінде пойыздағы жолаушыларды құттықтаған жас таланттар жұртты тәнті етті

Фото: t.me/PR_KTZh

Домбыра күнінде пойыздағы жолаушыларды құттықтаған жас таланттар жұртты тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, талантты жас домбырашылар Екібастұз - Алматы бағытындағы №31 пойызының жолаушыларын өнерімен таңғалдырған.

Балалар Екібастұз қаласындағы "Тұмар" ансамблінің мүшелері, мереке күндері олар Алматы қаласына музыкалық конкурсқа қатысу үшін бет алған.

"Домбыра күнімен тұспа-тұс келген сапарда жас таланттар қазақстандықтарды қазақ мәдениетінің және ұлттық бірегейліктің ең маңызды символының мерекесімен құттықтауды шешті", - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.

Айта кетейік, Домбыра күні 2018 жылғы 13 маусымда белгіленіп, шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget