Ақтөбе облысында "домбыра харам" деген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде дау туғызатын видео тарады. Кадрда ер адам "ішекті аспаптар, соның ішінде домбыра да харам" екенін айтады.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Тергеу дерегіне сәйкес күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Ол жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді полиция.
Қылмыстық іс бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін де әлеуметтік желіде қыздың "домбыра тарту - күнә" деген видеосы тараған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова