- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Домбыра - харам"....
"Домбыра - харам". Ақын Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапқа қатысты даулы пікір айтқандарға жауап берді
Әлеуметтік желіде оранған қыздың домбыра тарту күнә деп айтқан бейнежазбасы тарады. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақыретте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді", – дейді видеодағы қыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай бұл видеоға қатысты пікір білдіріп, өзінің instaram парақшасына жариялады.
"Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа шығаратын бұл қандай дін? Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата-бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың. Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6 236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам? Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болуы маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!
Діні бар да, ұлты жоқ,
Сақалы бар да, мұрты жоқ.
Теке сақал, қырма мұрт,
Елдің түбіне сол жетер...", – деп жазды ақын.
Ақынның бұл сөзін желі қолданушылары да жаппай қолдап, пікір қалдырды.
"Осыларға тоқтау қою керек, жетер шегіне жетті. Не білімдері жоқ, не тарихты білмейді, не салт-дәстүрді аттап басып. Қазақи құндылықтарды жою үшін, әдейі көбейтіп жатыр. Білімсіз адам - діншіл келеді, деп бекер айтылмайды. Осылар, құранның да бетін ашып, толық оқымаған да шығар", "Домбыраны екінің бірі тартпайды. Қандайда да бір әуенді кім көрінген жазбайды. Ол да бір Құдайдың адамға берген сыйы деп білемін. Адаспаңдар... Музыка харам емес", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін өзін сынаған әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанмен жанжалдасып қалғанын, кейіннен өзін "ішімдік ішті" деген телеарнаны сотқа беретінін мәлімдегені туралы жазған болатынбыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы