- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллардың бағамы тағы...
Доллардың бағамы тағы төмендеді
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 270,46 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы мұндай деңгейге 17 қыркүйек күні таңертең, яғни Ұлттық банк 16 қыркүйек күні нарықта жалпы сомасы 144 миллион долларға интервенция жүргізгеннен кейін жеткен еді.
21 қыркүйек күнгі таңертең жасалған саудада бірінші келісім 280 теңге болды, жоғары баға да осы. Ал ең төменгі баға - 269,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 172,9 миллион долларға тең болды. Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 279,48 теңге болды. 18 қыркүйектегі кешкі сессияда алғашқы сауда 279,5 теңгемен басталды. Ең жоғарғы баға 279,5 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 3,1 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 9 мүшесі қатысты. 17 қыркүйектегі кешкі сессияға қарағанда сауда көлемі жеті есе қысқарды.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады.