Долларды қолдан жасап, есірткі сатумен айналысқан Шымкенттегі қылмыстық топ ұсталды

Долларды қолдан жасап, есірткі сатумен айналысқан Шымкенттегі қылмыстық топ ұсталды
Фото: elements.envato.com

ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ доллары болатын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 келі оралған гашиш табылып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек