- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Доллар шашты". Айнұр...
"Доллар шашты". Айнұр Тұрсынбаеваның сіңлісі туған күнін дүркіретіп атап өтті
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның сіңлісі блогер Ардақ Жексенбайқызы туған күнін ерекше атап өтіп, қонақтарына доллар таратты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.
"Өмір - кино! Оның бас ролінде өзіңіз ойнайсыз. Өміріңіздің сценарийі ұнамаса, өзгерту де өз қолыңызда!
Туған күн - Мафия стилінде өтті, сондықтан міндетті түрде "Мафия" ойынын ойнадық. Бұл ойын адамның танымдық қасиетін арттырып, ойлау қабілетін жақсартады. Адамның психологиялық және эмоционал деңгейін дамытады. Ішкі сезімдерге құлақ асып, нақты шешім шығаруға ықпал етеді. Мафия ойыны - бизнес саласында өркендеуге көмек береді", - деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айнұр Тұрсынбаева сіңлісін құттықтап, Stories-інде бөлісті.
"Менің сүйікті сіңлім, сені туған күніңмен құттықтаймын және сен армандайтын барлық нәрсе міндетті түрде орындалғанын тілеймін",- деді айтыскер ақын.
Айнұр Тұрсынбаеваның Stories-інен
Желі қолданушылары блогерді туған күнімен құттықтап, түрлі пікір жазды.
"Үнді киносы сияқты", "Онсыз да мафиясыз ғой", "Туған күніңіз құтты болсын", "Ардақ ханым, маған мотивация бердіңіз ғой", - деп жазған Желі қолданушылар.
Еске салайық, биыл Айнұр Тұрсынбаева келін түсіріп, ұлы Бекланның тойын Түркияның төрінде өткізген болатын. Ол Желідегі парақшасында тойда қонақтарына таратқан бриллианттың құнын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек