- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар өсіп жатыр...
Доллар өсіп жатыр
Фото:
elements.envato.com
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,46 теңгеге көтеріліп, 477,24 теңгеге жетті. Айта кетейік, доллардың 6-7 шілдедегі ресми бағамы - 469,26 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 474,72 теңге, сату - 480,00 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,00 теңгеден сатып алынып, 475,69 теңгеден сатылып жатыр.
С. Сатыбалдина