Доллар қымбаттап кетті

Әлемдік мұнай бағасы құлдырап, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 сәуірдегі теңгеге шаққандағы доллар бағамы

Сағат 16:50-дегі жағдай бойынша доллар Астанада 512 теңгеге сатылып, 505 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валюта 510 теңгеге сатылып, 509 теңгеден сатып алынып жатыр.

Айта кетейік, 3 сәуірде Астанада доллар орташа есеппен 507 теңгеге сатылып, 501 теңгеден сатып алынған еді. Алматыда сатуға арналған доллардың орташа бағамы 504 теңге, сатып алуға арналған бағамы 501 теңге болды.

4 сәуірдегі доллардың ресми бағамы

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504,34 теңге болып, 2,79 теңгеге өсті.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 501,57 теңге.

Бұған дейін мұнай бағасы күрт құлдырап кеткені хабарланды. Қара алтын құны АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға жоғары тариф енгізгеннен кейін төмендей бастаған.

Еске салайық, кеше KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 501,57 теңге болып, 1,49 теңгеге төмендеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз