Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың күшеюі еліміздегі азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысына соң журналист Тимур Сүлейменовке "Доллардың қымбаттауы азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының көрсетілуіне әсер ете ме?" деп сұрақ қойды.
Төраға мәселеге жеке пікірін білдірді.
"Мен ойымша, жоқ. Біріншіден, теңге 1,5-2 пайызға әлсіреді. Бұл айтарлықтай құлдырау емес. Екіншіден, доллар ішкі инфляцияға қалай әсер ететінін түсіндірейін. Бүгінде барлығын долларға сатып аламыз. (Тауарды) басқа курспен сатып алдық дейік. Бірақ доллар бірден қымбаттады. Енді жоғары курспен (тауарды) сатып аламыз. Негізі бұл маған қойылатын сұрақ емес. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап беруі керек. Алайда олар берген деректер бойынша біз өзімізді (азық-түлікпен) қамтамасыз етіп отырмыз немесе сол көрсеткішке жақынбыз. Қалған азық-түліктің бір бөлігін Ресей Федерациясынан жеткізіп отырмыз", - деді ол.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов қос ел арасындағы сауда-саттық көбінесе ұлттық валюталарда жасалатынын атап өтті.
"Ресеймен (сауда-саттық жасағанда) біз 88 пайыз жағдайда теңге мен рубльді пайдаланамыз. Сондықтан онда теңге-рубь бағамы маңызды. Осыны ескерсек, біз (доллардың қымбаттауынан азық-түлік пен қызмер көрсету бағасына) тікелей әсерді күтпейміз", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз