- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар қайтадан арзандай...
Доллар қайтадан арзандай бастады
Фото:
kapital.kz
KASE күндізгі сессиясында доллар 363,71 теңгеге тең болды.
Бүгін күндізгі сессияда ең төменгі сауда 362,5 теңгемен, ал ең жоғарысы 364,6 теңгемен жасалды. Саудаға валюта нарығының 18 мүшесі қатысты. Kurs порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 362,7-365 теңге аралығында саудалап жатыр.
Айта кетейік, доллар бағамы 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендегеннен кейін шарықтай бастаған еді. 13 қаңтарда бағамның төмендей бастағаны байқалды, дегенмен бүгін таңертең доллар 3 теңгеге қайта қымбаттаған болатын.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін