Доллар бағамы 18 қыркүйекте KASE-тің күндізгі сессиясында 275,75 теңгеге тең болды.
Бірінші сауда 273,5 теңгемен жасалды, ең төменгі баға да осы. Ал ең жоғарғы баға 279,5 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 94,9 миллион доллардан асты. Саудаға барлығы валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте ақша айырбастау орындары долларды 300 теңгемен сата бастағанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға шешім қабылдады.
Дереккөз: tengrinews