Қазақстанда сауда-саттықта доллар бағамы қайта төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы 447,14 теңге болып, 5,6 теңгеге арзандады.
Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы - 453,65 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 446,61 теңге;
- сату - 448,53 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 445,00 теңге;
- сату - 452,00 теңге.
Айта кетейік, қазанның басында KASE-де доллар бағамы күрт көтерілді. 2 қазанда орташа сараланған бағам 447,73 теңге болса, сауда сессиясы кезінде ол 5,47 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қазанда доллар тағы 6,62 теңгеге көтеріліп, 454,98 теңгеге жетті.
Бұған дейін сарапшылар доллар қымбаттауын ең алдымен әлемдік нарықтағы америкалық валюта нығаюына байланысты деп түсіндірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова