Ұлттық банк шетел валюталарын сату/сатып алу бағамы мен статистикасын жариялады. Жыл басынан бері бағам бойынша ең жоғары өсімді еуро мен рубль көрсеткен. Долларға деген сұраныс артқан. Рубль де белсенді сатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық банк мәліметінше, биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда негізгі шетел валюталарының бағамы өскен. Соның ішінде рубль мен еуро қымбаттаған.
Мәселен еуро бағамы қаңтарда 543,19 теңге болса, тамызда 626,38 теңгеге дейін жеткен, бұл дегеніміз - 15 пайыздан аса өсім (83,19 теңгеге).
Доллар бағамы 2,7 пайызға нығайған: 524,67 теңгеден 538,95 теңгеге (14,28 теңгеге) жеткен.
Ресей рублі сегіз айда 30,2 пайызға қымбаттаған: 5,16-дан 6,72 теңгеге дейін (1,56 теңгеге). Қытай юанінің бағамы 4,5 пайызға өсті: 71,87 теңгеден 75,1 теңгеге дейін (3,23 теңгеге).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова