- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бір күнде...
Доллар бір күнде 17 теңгеге қымбаттады
Фото:
kazfin.info
KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 376,88 теңгеге тең болды. Алдыңғы сауда 372,58 теңге нәтижесімен аяқталған еді.
Күндізгі сессияда алғашқы келісім 374,5 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы болды. Жоғарғы баға 378 теңгеге дейін жетті. Сессияда сауда көлемі 54,6 миллион доллардан асты.
Еске сала кетейік, Ираннан санкциялар алынғаннан кейін 18 қаңтардың сауда сессиясының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 28 долларға түскен болатын. Содан кейін шетел валютасы да қымбаттай бастады. Бұл марканың баррелі Лондондағы биржа саудасында 27,72 деңгейінде саудаланды. Бұл − жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 долларға төмен.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін