Доллар бағамы төмендеп кетті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,82 теңгеге төмендеп, 458,23 теңге болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұл - 2026 жылғы сәуірден бергі ең төмен деңгей.

Ұлттық банктің 20 тамызға арналған ресми бағамы - 462,22 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 457,02 теңге;
  • сату - 459,36 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 457,00 теңге;
  • сату - 464,00 теңге.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!