Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,82 теңгеге төмендеп, 458,23 теңге болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, бұл - 2026 жылғы сәуірден бергі ең төмен деңгей.
Ұлттық банктің 20 тамызға арналған ресми бағамы - 462,22 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 457,02 теңге;
- сату - 459,36 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 457,00 теңге;
- сату - 464,00 теңге.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова