Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

8 қыркүйектегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 535,13 теңге болып, 2,64 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы - бір доллар үшін 537,91 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы бойынша:

  • сатып алу - 536,35 теңге,
  • сату - 538,29 теңге.

Астана бойынша:

  • сатып алу - 534,00 теңге,
  • сату - 539,15 теңге.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget