19 тамыздағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,57 теңге болып, 1,27 теңгеге төмендеген.
Айта кетейік, 19 тамыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 540,00 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы – 538,77 теңге, сату бағамы – 540,60 теңге. Астанада америкалық валютаны орташа есеппен 536,54 теңгеден сатып алып, 543,54 теңгеден сатып жатыр.
Еске салайық, кеше де доллар бағамы төмендеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова