Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

4 тамыздағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 541,82 теңге болып, 1,35 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 тамыздағы ресми бағамы - бір доллар үшін 543,24 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 539,96 теңгеге, сату бағамы 542,27 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 537,43 теңгеден сатып алып, 544,43 теңгеден сатып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget