KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 310,37 теңгеге тең болды. Шетел валютасы тарихи антирекордқа − 312,65 теңгеге жетуге аз калды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды.
2015 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 310 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғары баға − 310,55 теңге. Сауда көлемі 121 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 309,5-312,7 теңге аралығында саудаға салынып жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz