2 сәуірде доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,31 теңге болып, 2,76 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл - 2024 жылғы тамыздан бергі ең төменгі деңгей. Ол кезде доллар 475 теңгеге дейін төмендеген еді.
Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми бағамы - бір доллар үшін 475,09 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматы:
Астана:
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы неге төмендеп кеткенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!