Доллар бағамы тағы да төмендеп кетті

Доллар бағамы тағы да төмендеп кетті
Фото: depositphotos.com

2 сәуірде доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,31 теңге болып, 2,76 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл - 2024 жылғы тамыздан бергі ең төменгі деңгей. Ол кезде доллар 475 теңгеге дейін төмендеген еді.

Ұлттық банктің 2 сәуірге белгілеген ресми бағамы - бір доллар үшін 475,09 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы:

  • сатып алу - 469,84 теңге;
  • сату - 472,20 теңге.

Астана:

  • сатып алу - 468,04 теңге;
  • сату - 475,04 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы неге төмендеп кеткенін айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget