7 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460,37 теңге болып, 4,88 теңгеге төмендеді.
Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы - 466,33 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматы:
- сатып алу - 461,73 теңге;
- сату - 464,33 теңге.
Астана:
- сатып алу - 456,96 теңге;
- сату - 463,96 теңге.
Айта кетейік, 6 сәуірде доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 466,33 теңге болды.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы неге төмендеп кеткенін айтты.
"Теңге нығайып жатыр. Осылай деуге болатын шығар. Бірақ бұл - базалық экономика. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары, яғни мұнай (еліміздің экспорттық түсімінің 50 пайыздан астамы - еск.) қымбаттап жатыр. Көлемі бұрынғыдай, бағасы өсіп жатыр. ...Тиісінше доллар бағамы төмендеп жатыр", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы Мәжіліс дәлізінде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова