Доллар бағамы тағы да 515 теңгеден төмендеді

Доллар бағамы тағы да 515 теңгеден төмендеді
Фото: depositphotos.com

Доллардың 6 мамырдағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,60 теңгеге төмендеп, 514,50 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 6 мамырдағы ресми бағамы - 518,53 теңге.

кurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 515,39 теңгеге, ал сату бағамы 517,35 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 512,56 теңгеден сатып алынып, 518,56 теңгеден сатылып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget