• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Доллар бағамы тағы да 500 теңгеден төмендеді

Доллар бағамы тағы да 500 теңгеден төмендеді
Фото: depositphotos.com

25 ақпандағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 498,69 теңге болып, 3,46 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 ақпандағы ресми бағамы - бір доллар үшін 502,89 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 499,16 теңгеге, сатудағы бағамы 501,74 теңгеге тең. Астанада америкалық валюта орта есеппен 498,30 теңгеден сатып алынып, 504,30 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 502,47 теңге болғаны хабарланды.

Кеше KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 502,89 теңге болып, 0,33 теңгеге төмендеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget