Доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 470,34 теңге болып, тәулігіне 4,65 теңгеге артты. Доллардың 30 маусымдағы ресми бағамы 465,08 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 463,5 теңге, сатылымда - 469,12 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 463,09 теңгеден сатып алып, 466,05 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, рубльдің орташа бағамы 8,89 теңге болды, ал бір күн бұрын Ресей валютасының бағамы 9,1 теңге болып тіркелген болатын.