Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460,95 теңге болып, бірден 9,23 теңгеге төмендеді. Долларлың 27 маусымдағы ресми бағамы 470,90 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 458,38 теңге, сатылымда - 462,89 теңге. Нұр-Cұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 456,23 теңгеден сатып алып, 460 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 8,66 теңге болып, 0,19 теңгеге төмендеді. Ал рубльдің 27 маусымдағы ресми бағамы 8,83 теңге болған еді.