Қазақстанда сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 490,21 теңге болды, бұл өткен күнмен салыстырғанда 5,12 теңгеге жоғары.
Ұлттық банктің ресми бағамы - 484,78 теңге.
kurs.kz дерегі бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 490 теңгеден сатылып, 488,5 теңгеден сатып алынып жатыр. Астанада доллардың саттықтағы орташа бағамы 492 теңгеге, сатып алудағы бағамы 485 теңгеге тең.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 17,00 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!