Доллар бағамы қайта құбылып кетті

28 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге төмендеп, 457,21 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы - 460,80 теңге.

Қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы:

  • сатып алу - 457,89 теңге;
  • сату - 460,14 теңге.

Астана:

  • сатып алу - 454,06 теңге;
  • сату - 461,06 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!