Доллар бағамы қайта құбылып кетті

Доллар бағамы қайта құбылып кетті
Фото: depositphotos.com

10 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 473,31 теңге болып, 5,65 теңгеге төмендеді.

Ұлттық банктің 10 сәуірдегі ресми бағамы - 479,82 теңге.

Қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы:

  • сатып алу - 471,73 теңге;
  • сату - 474,19 теңге.

Астана:

  • сатып алу - 470,00 теңге;
  • сату - 477,00 теңге.

Еске салайық, 8 сәуірде доллардың орташа бағамы 475,31 теңге болып, бірден 12,32 теңгеге өсті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget