Доллар бағамы қайта көтеріле бастады

8 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,31 теңге болып, бірден 12,32 теңгеге өсті.

Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы - 460,37 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы:

  • сатып алу - 476,54 теңге;
  • сату - 479,42 теңге;

Астана:

  • сатып алу - 472,96 теңге;
  • сату - 480,00 теңге.

Айта кетейік, 7 сәуірде доллардың орташа бағамы 460,37 теңге болып, 4,88 теңгеге төмендеген еді. 

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалатын соққыны екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеді. Ал Иран тарапы бітім кезінде Ормуз бұғазы ашылуын қамтамасыз етуге дайын екенін айтты. Осыдан кейін мұнай бағасы күрт төмендеп кетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!