Доллар бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,78 теңгеге көтеріліп, 465,08 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 маусымдағы ресми бағамы 460,95 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 459,64 теңге, сатылымда - 465,31 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды 460,13 теңгеден сатып алып, 463,74 теңгеден сатып жатыр.