Доллар бағамы айтарлықтай төмендеп кетті

Доллар бағамы айтарлықтай төмендеп кетті
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда сауда-саттықта доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 439,37 теңге болды. Айта кетейік, бұл - 2024 жылғы мамырдан бергі ең төмен көрсеткіш.

Ұлттық банктің 29 қыркүйекке арналған ресми бағамы - 441,77 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 438,37 теңге;
  • сату - 440,39 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 435,04 теңге;
  • сату - 442,07 теңге.

Еске салайық, бұған дейін де доллар бағамы төмендегені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget