Доллар бағамы апта соңында 360 теңгеге баруы мүмкін. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club сарапшысы Анатолий Ахметов айтты.
Оның айтуынша, өткен аптада теңге ерекше қарқынмен арзандады. "АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыз мөлшерлемесінің өсуінің фонындағы мұнай бағасының төмендеуі мен АҚШ долларының нығаюы негізгі фактор болды. Өткен 7 күндегі сауданың минималдық құны бір долларға 315,10 теңге көрсеткішінде, ал максималдық құны 349,90 межесінде болды. Яғни 21 желтоқсанды қосып есептегенде 4 жұмыс күнінің ішінде теңге кему жағына дөңгелектесе 24 пайызға арзандады. Сонда шығатыны күніне орташа 2,75 пайыз. Теңгенің құлдырауы РЕПО мөлшерлемелерінің қарқынмен өсуімен сақталып отыр", − деді ол.
Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта АҚШ ФРЖ-ның монетарлық саясатты қатаңдатуға барып отырғаны түсінікті болды. Доллар барлық валютаға қатынасында нығайып жатыр.
"Теңгенің доллармен саудаланатын мұнай бағасына тәуелді екенін есепке алсақ, бұл теңгеге қатты әсер етеді. Бұл тенденция сақтала бермек. ФРЖ-ның мөлшерлемесінің жаңа өсімі наурыз айында болады деген болжам бар. Мұнай да әзірше нығаятын белгі танытып отырған жоқ. Теңгенің қымбаттай бастауына бірде-бір іргелі себебі жоқ, − дейді сарапшы. Доудың алтыншы постулатында былай делінеді: "Трендтер тоқтау туралы біржақты белгі пайда болмайынша жұмыс істей береді". Әзерше мұндай белгі жоқ. Теңгенің арзандау жылдамдығы күніне 1-1,5 пайыз болуы мүмкін, мұны бір кездері Ұлттық банк лайықты деп атаған еді". Егер жағдай осылай өрбісе, оның пікірінше, жұма күні доллар 360 теңгеге жетуі мүмкін.
Еске салайық, АҚШ-тың ашық нарықтардағы операциялар жөніндегі комитеті 10 жылдан бері бірінші рет ФРЖ мөлшерлемелерінің құнын 0-0,25-тен 0,25-05 пайызға дейін көтерген болатын. 2015 жылдың 21 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды.