Доллар бағамы 543 теңгеге жетті

Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 541–543 теңгеден сатылып, 536–537 теңгеден сатып алынып жатыр.
Алматыда сату бағасы - 541–543 теңге, сатып алу - 539–540 теңге.

Айта кетейік, 23 шілдеде Астанада доллар орта есеппен 538 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынған. Алматыда сату бағамы - 536 теңге, сатып алу - 533 теңге болған.

Ұлттық банктің 24 шілдеге бекіткен ресми бағамы - 1 доллар үшін 538,64 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!