Доллар бағамы 530 теңгеге жетті

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы тағы өсті. Бірқатар қалада америкалық валюта 530 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 13:30-дағы жағдай бойынша сатып алу-сату бойынша доллардың орташа бағамы:

  • Астана: сатып алу - 520,00 теңге, сату - 530,00 теңге;
  • Алматы: сатып алу - 521,89 теңге, сату - 527,51 теңге;
  • Ақтау: сатып алу - 522,00 теңге, сату - 529,00 теңге;
  • Ақтөбе: сатып алу - 520,50 теңге, сату - 529,50 теңге;
  • Қостанай: сатып алу - 523,00 теңге, сату - 533,33 теңге;
  • Павлодар: сатып алу - 521,25 теңге, сату - 526,75 теңге;
  • Семей: сатып алу - 514,00 теңге, сату - 525,67 теңге;
  • Шымкент: сатып алу - 525,00 теңге, сату - 530,00 теңге.
  • Ең жоғары көрсеткіш Қостанайда тіркелді, онда доллар сатылымы 535 теңгеге жетті.

Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы:

  • 1 доллар - 511,22 теңге.
  • 1 еуро - 540,05 теңге.
  • 1 рубль - 4,73 теңге.

Айта кетейік, 28 қарашадан бастап Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатты.

Алматыда америкалық валютаны 512,87 теңгеге сатып, 507,50 теңгеге сатып алды. Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатты.

Кейін Ұлттық банк доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген еді. 

Ұлттық банк мәліметінше, бірқатар фактор әсерінен теңгенің айырбас бағамы АҚШ долларына шаққанда 500 теңгеге жеткен. 

Massaget.kz тілшісі сарапшымен сұхбаттасып, теңгенің болашағын сұрады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!