Доллар бағамы 525 теңгеге жетті

Доллар бағамы 525 теңгеге жетті
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

16 сәуірдегі теңгеге шаққандағы доллар бағамы

Сағат 14:40-тағы жағдай бойынша Астанада доллар 525 теңгеге сатылып, 518 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 520 теңгеге, сатып алу бағамы 518 теңгеге тең.

Айта кетейік, 15 сәуірде Астанада доллар орташа есеппен 522 теңгеге сатылып, 515 теңгеден сатып алынған еді. Алматының ақша айырбастау орындарында сатуға арналған доллардың орташа бағамы 519 теңге, сатып алуға арналған бағамы 516 теңге болды.

Доллардың ресми бағамы

Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 516,91 теңге.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget