Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада доллар 518 теңгеге сатылып, 511 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валюта 518 теңгеге сатылып, 514 теңгеден сатып алынып жатыр.
Айта кетейік, 4 сәуірде Астанада доллар орташа есеппен 512 теңгеге сатылып, 505 теңгеден сатып алынды. Алматының ақша айырбастау пункттерінде сатуға арналған доллардың орташа бағамы 510 теңге, сатып алуға арналған бағамы 509 теңге болды.
Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 504,34 теңге.
Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төмен деңгейге түскені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!