• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Доллар бағамы 518 теңгеге жетті

Доллар бағамы 518 теңгеге жетті
Фото: depositphotos.com

Мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап, Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 сәуірдегі теңгеге шаққандағы доллар бағамы

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада доллар 518 теңгеге сатылып, 511 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валюта 518 теңгеге сатылып, 514 теңгеден сатып алынып жатыр.

Айта кетейік, 4 сәуірде Астанада доллар орташа есеппен 512 теңгеге сатылып, 505 теңгеден сатып алынды. Алматының ақша айырбастау пункттерінде сатуға арналған доллардың орташа бағамы 510 теңге, сатып алуға арналған бағамы 509 теңге болды.

7 сәуірдегі доллардың ресми бағамы

Ұлттық банктің 7 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 504,34 теңге.

Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы 2021 жылдан бергі ең төмен деңгейге түскені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget