Доллар бағамы 518 теңгеге дейін төмендеді

Доллар бағамы 518 теңгеге дейін төмендеді
Фото: depositphotos.com

22 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 518,07 теңге болып, 3,15 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы - 521,53 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 518,66 теңгеге, сату бағамы 520,82 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 516,51 теңгеден сатып алып, 522,51 теңгеден сатып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget