28 қарашада Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 11:00-де Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатады. Алматыда америкалық валютаны сату - 512,87 теңге, сатып алу - 507,50 теңге. Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатыр.
27 қарашада Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,00 теңгеге сатылып, 500,00 теңгеге сатып алынды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың бағамы сатуда - 504,83 теңге, сатып алу - 501,80 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында еуро 538,72 теңгеден сатылып, 522,94 теңгеден сатып алынды. Алматыдағы айырбастау пункттерінде сату - 538,27 теңге, сатып алу - 531,63 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттерінде 27 қарашада еуро 528,89 теңгеге сатылып, 522,89 теңгеге сатып алынды. Алматы айырбастау пункттерінде сату - 527,13 теңге, сатып алу - 523,09 теңге болды.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,80 теңгеден сатылып, 4,64 теңгеден сатып алынды. Алматыда рубль 4,82 теңгеден сатылып, 4,59 теңгеден сатып алынды.
27 қарашада Астанадағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,87 теңгеден сатылып, 4,70 теңгеден сатып алынды. Алматыда рубль 4,87 теңгеден сатылып, 4,72 теңгеден сатып алынды.
Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы:
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы "доллар 600 теңгеге дейін өсе ала ма?" деген сұраққа жауап берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз