- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 5...
Доллар бағамы 5 теңгеге өсті
Фото:
www.foxbusiness.com
KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болды.
Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 366,7 теңгемен басталды. Ең төменгі баға 364,8 теңге болды. Ең максималды баға − 369,1 теңге. Сауда көлемі 79,8 миллион доллардан асты. Сессия саудасына 25 банк қатысты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 365,2 - 368,2 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін ақша айырбастау орындарында доллар 370 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін