Доллар бағамы 475 теңгеге дейін төмендеп кетті: бұған не әсер етіп отыр?

Доллар бағамы 475 теңгеге дейін төмендеп кетті: бұған не әсер етіп отыр?
Фото: depositphotos.com

1 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі жағдай

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 475,09 теңге болып, 3,06 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл - 2024 жылғы тамыздан бергі ең төменгі деңгей. Ол кезде де доллар 475 теңгеге дейін төмендеген еді.

Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 478,77 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыда доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы:

  • сатып алу - 474,22 теңге;
  • сату - 476,47 теңге.

Астана:

  • сатып алу - 473,00 теңге;
  • сату - 480,00 теңге.

Ұлттық банк не дейді?

Қазақстанда доллар бағамы неге төмендеп жатыр? Бүгін Мәжіліс дәлізінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осы сауалға жауап берді.

"Теңге нығайып жатыр. Осылай деуге болатын шығар. Бірақ бұл - базалық экономика. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары, яғни мұнай (еліміздің экспорттық түсімінің 50 пайыздан астамы - еск.) қымбаттап жатыр. Көлемі бұрынғыдай, бағасы өсіп жатыр. ...Тиісінше доллар бағамы төмендеп жатыр", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget