KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 365,23 теңгеге тең болды. Бұл 28 қаңтардағы күндізгі сессия көрсеткішіне қарағанда 5 теңгеге төмен. Ол кезде доллар бағамы 370,9 теңге болған еді.
29 қаңтардағы таңғы сессия 369,5 теңге келісімімен басталды. Бұл ең жоғарғы баға болды, ал сессиядағы төменгі келісім 365 теңгемен жасалды. Сессиядағы сауда көлемі − 105,5 миллион доллар. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 364-366 теңгемен сатып жатыр.
Айта кетейік, ұлыбританиялық Standard Chartered банкінің сарапшылары мұнай бағасына болжам жасады. Олардың айтуынша, Brent маркалы мұнайдың баррель құны жыл соңына дейін 70-75 долларға жетеді.
Дереккөз: tengrinews